Павлодарда көлік жүргізушісі әйел адамды қағып кетті

ЖКО салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 15.11.2021 жылы сағат 15:10-да Павлодар қаласында Toyota Camry автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі 1965 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті.

- Ол реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолдың жүру бөлігін кесіп өтті, - делінген хабарламада.

Полиция көліктің арнайы айып тұрағына салынғанын атап өтті.

Тексеру жүргізілуде.