Ақтөбе облысында жол апатынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апатынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 15 қарашасында сағат 18:00 шамасында Байғанин ауданының 49 жастағы тұрғыны мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз Урал маркалы мотоциклімен Оймауыт ауылы жағына қарай келе жатып, рөлді басқара алмай, көлік құралының қозғалысы барысында оң жаққа аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі Оймауыт ауылының медициналық амбулаториясына жеткізілген, кейін сол ауруханада көз жұмды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерінен ҚР Жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды.