Жаркент қаласындағы ойын клубына қарулы шабуыл жасалды

Алматы облысы Жаркент қаласындағы ойын клубына қарақшылық шабуыл жасалды. Қаруланған ер адамдар миллион теңгеден аса қаражатты жымқырған.

Оқиға 15 қарашада түнгі төрттер шамасында болған. Белгісіз адамдар қорқыту мақсатында жоғарыға бір рет оқ атқан. Қаскүнемдердің әрекеттері бейнекамераға жазылып қалды. Күдіктілер көп ұзамай қолға түсті. Жергілікті полиция қызметкерлері үш ер адамды ұстады. Барлығы Жаркент қаласының тұрғындары. 20 жастағы күдіктіден ұрланған ақшаның жартысы мен тапанша тәркіленген. Соманың тағы бір бөлігі 22 жастағы екінші күдіктіден және олардың 23 жастағы серіктесінен алынған. Азаматтар қалған ақшаны ойын-сауыққа жұмсағанын жеткізіп, қылмыс жасағандарын мойындады. Қазір олар қамауға алынды.