Қызылорда облысында жоғалған малшылар табылды

Қызылорда облысында жоғалып кеткен малшылар табылды.

Үш тәулік бұрын 40 жастағы әкесі мен 11 жасар ұлы Жалағаш ауданының Аққыр ауылынан шығып, көрші ауылға кеткен. Олар қайтып оралмаған соң туыстары аудандық полиция бөліміне хабар берген. Құтқарушылар бірден іздеуге кіріскен. Әбден әлсіреген малшылар екі күннен кейін табылды. Оларға алғашқы көмек көрсетіліп, үйлеріне оралды.