Нұр-Сұлтанда криптовалютаны заңсыз өндіріп жатқандар анықталды

Заңсыз майнинг фермасы анықталды. Нұр-Сұлтан қаласында Энергетика министрлігі қызметкерлері криптавалюта жасайтын орынды тапты.

Ол жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Электр энергиясын қосудың бұл фактісіне «KEGOC» Акционерлік қоғамынның «Ақмола ЖЭТ» филиалы жол берген. Майнинг тарапынан электр қуатына қосылу және тұтыну кернеуі 500 килоВольт жоғары вольтты кіші станциядан жүргізілді. Майнингтік фирма қызметін цифрлық даму саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы хабардар етпей жүзеге асырған. Комитет «КЕGОС» акционерлік қоғамына қатысты бақылау іс-шараларын жүргізуде анықталды.