Жамбылда Қызыл кітапқа енген өсімдікті ұрлаған ер адам ұсталды

Ұсталған азамат 42 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».  Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.

Күдікті жергілікті полиция қызметкерлерінің «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ұсталған.  Ол Сарысу ауданының Жайлаукөл ауылынан 25 шақырым жерде заңсыз кесілген және пайдалануға тыйым салынған сүректі, яғни сексеуілді тасып жүрген жерінен қолға түсті. Тасымалданған өсімдік Қызыл кітапқа енген. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339 бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бір текше мөлшеріндегі сексеуіл заттай дәлелдемесі тәркіленді. Сот-биологиялық сараптамасы тағайындалды.