Алматыда «Ақсай» сауда үйі өртенді

Алматыда «Ақсай» сауда үйінен өрт шықты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметінше, өрт бүгін түскі 13:45-те шыққан. Сауда үйінің өртеніп жатқаны туралы хабарламаны ала салысымен арнайы жасақ оқиға орнына барған.

«Өрт сөндіру бөлімшелері жоғары дәрежедегі шақырту бойынша шықты, 6 минутта жеткенде «Ақсай» сауда үйінің 1 және 2-қабаттарындағы бутиктерде 150 шаршы метр аумақта өрт шыққанын анықтады. Дереу әмбебап және лафеттік өрт оқпандары енгізіліп, газ-түтіннен қорғау қызметінің 3 тобы және түтін шығаратын автокөлік жұмылдырылды. AD 120 түтін шығаратын жану өнімдерінің концентрациясын азайту үшін пайдаланылды», - деп хабарлады департамент.