БҚО-да өртеніп жатқан екі үйден 3 газ баллон шығарылды

Батыс Қазақстан облысында өртенген екі үйден үш газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінен түскен мәліметінше, оқиға бүгін сағат 10:17-де Бәйтерек ауданы «Березка» саяжай қоғамдастығында болды. Әуелі 64 жастағы ер адамға тиесілі вагон мен тұрғын үй отқа оранды.

50 шаршы метрді шарпыған өрт бұдан кейін көрші тұрған, аумағы 100 шаршы метр үйге (иесі 1945 жылғы ер адам) ауысқан. Бұдан өрт сөндірушілер 2 газ баллонын алып шықты. Жалпы аумағы 150 шаршы метрге жайылған өрт сағат 12:28-де сөндірілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталып жатыр.

Сондай-ақ...