Жезқазғаннан Сәтбаевқа баратын жолда апаттан 3 адам жараланды

Жезқазған мен Сәтбаев қаласының арасындағы күре жолда жол апаты болып, үш адам зардап шекті.

Алдын ала жасалған болжам бойынша 26 жастағы жүргізуші басқарған жеңіл көлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, екі бірдей көлікке соғылған.

Абырой болғанда, барлығы дін аман. Дене жарақатын алғандарға ауруханада алғашқы жәрдем көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.

Қуаныш Зәрубаев, жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы:

- Өткен тәулік ішінде Қарағанды қаласында 17 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Зардап шеккендер жоқ. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.