Алматыда балалармен болған жантүршігерлік оқиғаның себебі анықталды

Алматы қалалық полиция департаменті тергеудің осы кезеңінде үш баласымен 9-қабаттан секірген әйел әрекетінің алдын ала себебі анықталғанын хабарлады.

Бұл отбасылық-тұрмыстық қатынастар негізіндегі жұбайымен болған жанжал. Өлім алдындағы жазбасы бар.

Басқа мән-жайлар анықталуда.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 28 жастағы әйел мен оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш кішкентай баласы 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 105 бабына сәйкес тергелуде. Тергеу-жедел тобы құрылды.