430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шортандыдағы жарылыс: денесін күйік шалған 10 жасар қыз қайтыс болды

  • 69
  • UPD: 11:59, 23.11.2021

16 қарашада Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданында болған жарылыстан зардап шеккен 10 жасар қыз қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиғадан кейін бірден елорда ауруханасына жеткізілген науқастың жағдайы аса ауыр болды. Өйткені денесінің 60 процентін термиялық күйік шалған соң, жан сақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлер барлық емдеу шарасын қолданғанымен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Хабар 24 телеарнасы