Гвардейск гарнизонында офицер көз жұмды

Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері өзіне қол салды.

Ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігі растады.

«Биыл 22 қарашада Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері А. өзіне қол салды. Қайтыс болған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі мен туыстарының өтінішіне қарай өзге ақпарат жарияланбайды», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің таратқан мәлімдемеде.