Елордадағы сауда орталығында әйел көз жұмды

Бұл ақпаратты Елордада сауда, ойын-сауық орталығында әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растап, оқиғаның 22 қараша күні болғанын хабарлады.

«22 қараша күні 103 пультіне МEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығында әйел адамның ес-түссіз жатқаны туралы шұғыл шақырту түсті. Жедел жәрдем бригадасы келген кезде әйелде тіршілік белгілері болған жоқ. Куәгерлердің айтуынша, 1992 жылы дүниеге келген әйел кенеттен ес-түсінен айырылып, селкілдей бастаған. Осыдан кейін куәгерлер сауда, ойын-сауық орталығы медицина пунктінің қызметкерлерін шақырып, олар реанимация жасаған. Бірақ ол сәтсіз болды. Мүрде полиция қызметкерлеріне берілді», - деп атап өтеді басқармадан.