Ақтөбеде өртенген гараж ішінен мәйіт табылды

Ақтөбеде өртенген гараж ішінен адам мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 22 қарашасында 00:05-те Ақтөбе қаласы ПБ Жедел басқару орталығының 102 пультіне Асау-Барақ көшесіндегі жеке үйлердің бірінде гараждың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндіру кезінде 59 жастағы үй иесінің мәйітін тапты. Өрт жылытқыш құрылғыдан шыққан деген болжам бар. Сараптама тағайындалды.

Құрметті азаматтар, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырамыз! Электр құрылғыларымен жұмыс жасаған уақытта абай болыңыз.