Ақмола облысында заңсыз ойынхана ашқандар сотталды

Ақмола облысында құмар ойынға құмартқандар сотталды. Заңсыз бизнес иелері 2 жарым жылдан бас бостандығынан айырылды.

Қаржылық мониторинг агенттігі осы іске қатысты екі азаматты да қамауға алып, қатаң жауапқа тартты. Айғақ заттар мемлекет меншігіне өткізілді. Заң бұзғандар облыстың бірнеше ауданында ойынхана ашқан. Оларды тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасы кезінде қолға түсірді.

Айта кетейік, жалпы мұндай қылмыс істегендер кемінде 2 жылға бас бостандығынан айырылады.