Шымкентте 2019 жылдан бері қолдан жасалған арақ-шарап сатып келген жер табылды

Шымкент қаласындағы базарда алкоголь өнімінің 60 мың данасы сақталған қойма анықталды.

Мұнда 2019 жылдан бері арақ-шараптың 40-тан астам түріне жалған жапсырма жапсырып, заңсыз сатқан. Экономикалық тергеу департаментінің мамандары көлеңкелі бизнес салдарынан мемлекетке 25 миллион теңге шығын келгенін айтады. Суррогат спирті бар қойманы әйел басқарған. Сот шешімімен оның 1 жылға бас бостандығы шектелді. Қоймаға шикізат жеткізіп отырған цехтың да жұмысы тоқтатылып, иесіне айыппұл салынды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша биыл өңірде алкоголь өнімінен 240 адам уланып, қайтыс болған.

Жұпар Мамытова, қалалық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ресми өкілі:

- Жалпы жыл басынан осы бағыттағы көлеңкелі айналымынан 20 мың бөтелкеден астам дайын суррогатты алкоголь өнімдері 2020 жылы – 9 есе аз, 3 мыңнан астам этил спирті, 20 мыңнан астам жалған есепке алу-бақылау маркілері тәркіленді.