Оралда көлік қағып кеткен 19 жастағы жігіт көз жұмды

Оқиға 24 қараша күні шамамен сағат 11.15-те С.Тюленин көшесінде болған, деп хабарлайды «Хабар 24» БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ГАЗель» автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі белгіленбеген жерден жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан 19 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

ҚР ҚК 345 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.