Қостанайда өрттен 7 жасар бала қаза тапты

Қостанай қаласының Путейский көшесіндагі барак типті жер үйдің бір пәтері өртенді.

Салдарынан жедел жәрдем келіп жеткенше жеті жасар бала қаза тапты.

Дәргерлердің айтуынша, баланың денесі, тыныс алу жолдары күйіп кеткен. Ал оның әке-шешесі ауруханаға жеткізілді. Үшінші дәрежелі қатты күйік алған 44 жастағы әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Қолы мен бетін күйік шалған күйеуіне медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Жалпы қызыл жалын үйдің 50 шаршы метр аумағына жайылған. Қабырға, төбе жабындылары жанған. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.