Елордада екі автобус соқтығысып, жолаушылар зардап шекті

Нұр-Сұлтанда екі бірдей автобус соқтығысты. Адам шығыны жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байсейітова көшесімен шығысқа қарай бет алған нөмірі 20 бағыттағы автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен көрінеді. Сол сәтте нөмірі 39 бағыттағы автобус кезекті аялдамаға бет алып келе жатқан еді. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Бірақ осы жол апатынан 2 жолаушының зардап шеккені айтылады. Оларды ауруханаға алып кеткен. Жағдайлары қалыпты. Автобус басқара алмаған жүргізушіні енді жұмыстан шығармақ.