Алматыда су құбыры жарылып, топырақ опырылды

Алматыда жар опырылып, жолды жауып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оқиға Медеу ауданында таңғы уақытта болған. Құбыр жарылып, тоқтаусыз аққан судан төбенің бір бөлігі жолға қарай құлап, қарсы беттегі үйдің қоршауына зақым келтірген. Опырылған топырақтың көлемі 30 текше метр.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, су құбыры жөнделіп, жолдағы топырақ тазартылған. Зардап шеккендер жоқ.