Ақтөбеде жоғалған геологтар әлі табылған жоқ

Ақтөбе облысында кеше жоғалып кеткен төрт геологты іздестіру шаралары тоқтаған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Кеше таңертең мамандар Қарабұтақ кентінен барлау жұмыстары жүріп жатқан жаққа бет алған. Сол күні кешке таман байланысқа шығыпты. Содан бері хабар жоқ. Аймақтың төтенше жағдайлар департаменті геологтарды іздестіру шарасына 5 топты жұмылдырды. Қазір 33 адам сегіз арнайы техникамен өңірді сүзіп жүр. Бүгін таңертең іздестіру жұмыстарына тікұшақ тартылды. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты түстен кейін көкке көтеріле алмаған.