СҚО-да қаржы пирамидасын құрғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұйым тұрғын үй кооперативі ретінде жұмыс істеген, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қаржы пирамидасын құрғандар тұрғындарға табыс көлеміне қарамастан баспана алуға көмектесеміз деп уәде берген. Осылайша мессенджерлер арқылы «Шаңырақ +» бағдарламасындағы ипотекалық несиеге балама ұсынып, жеке тұлғаларды жүйеге тартқан. Ал бағдарламаға қатысу үшін «103 доллар төлеу керек» деп түсіндіріпті. Аталмыш оқиғаға қатысты, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.