Жамбыл облысында жалған хабар таратқан тұрғын ұсталды

Ол Шу ауданы Төле би ауылындағы орта мектепте жарылғыш зат қойылған деп хабарлаған. Салдарынан білім ордасынан 300 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бірақ ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Ал елді дүрліктірген жалған лаңкес Шу ауданының 25 жастағы азаматы болып шықты. Ұсталған күдікті өз кінәсін мойындады. Қазір ол уақытша тергеу изоляторына қамалды.