Шымкентте 650 млн теңге салық төлемеген кәсіпкер сотталды   

Шымкентте 650 миллион теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Кәсіп иесі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысы бола тұра, 2017-2019-шы жылдар аралығында салық декларациясына кірістер мен шығыстар туралы бұрмаланған деректер енгізген. Ол басқа да нысандарды жасырған. Бұдан бөлек, жұмыс істеуіне сотпен тыйым салынған 11 серіктестікпен өзара есеп айырысу үшін жалған шот-фактураларды пайдаланған. Салдарынан бюджетке 657 миллион теңгеден астам салық түспеді. Сотталған кәсіпкерден шығын өндірілді.