Түркістан облысында субсидияға бөлінген қаржыны қымқырғандар сотталды

Қаржылық мониторинг агенттігі өңірдегі екі бірдей шаруа Ресейден асылтұқымды мал алдыру үшін 380 миллион теңге сұратқан дейді.

Сөйтіп «Сыбаға» бағдарламасына қатысып, қажет қаржыны қолға түсірген. Ізінше, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан тағы 131 млн теңге субсидия алып үлгеріпті. Бірақ әлгі шаруалар мемлекеттен берілген қомақты бұл қаржыны басқа мақсатқа пайдаланса керек. Көрші елден 585 мал басын сатып алдық деп жалған құжат жасатыпты. Алайда арнайы тексеріс кезінде олардың бұл әрекеті әшкереленді. Сот үкімімен бірі 6 жылға, екіншісі 5 жылға бас бостандығынан айырылды.