435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БҚО-да полиция қызметкері себепші болған жол апатынан бір адам көз жұмды

  • 177
  • UPD: 15:58, 02.12.2021

Түрлі дене жарақатын алған тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оқыс оқиға Орал-Тасқала автожолының 46 шақырымында болған. Бұл іс Полиция Департаментінің басшылығының бақылауына алынды және жол апатына себепкер болған қызметкер жұмыстан босатылады. Сонымен қатар осы бағытқа жетекшілік ететін басшыларға қатысты қатаң тәртіптік шаралар қабылданады дейді облыстық Полиция Департаменті басшылығы.

Болатбек Нұрғожин, БҚО ПД ресми өкілі:

- Полиция департаменті жеке құрамның атынан марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып шынайы көңілімізді айтамыз. Аталған факт бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы