Оралда полиция қызметкері өзін-өзі атып өлтірді

Оралда 20 жастағы полиция қызметкері өзіне тиесілі қызметтік қаруынан оқ атып, өзін-өзі өлтірді.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы уақытта қалалық полиция басқармасының ғимаратында болған.

Ресми ақпарат бойынша, кіші сержант ғимаратты күзету жөніндегі полиция тобының жауынгерлік бекетінде табельдік қаруды алғаннан кейін өз-өзіне қол жұмсап, тапаншамен басынан атқан. Қаза болған – Батыс Қазақстан облысының тумасы. Ішкі істер органдарына осы жылдың мамыр айында кірген.

Лунара аманғалиева, БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы

– Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сонымен бірге барлық себептер мен мән-жайларды анықтау үшін қызметтік тергеу де басталды.