Шымкентте пара алған полиция қызметкері сотталды    

Қызметін асыра пайдаланған полиция қызметкері 7 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жол патрульдік полиция полкінің командирі өз қызметін асыра пайдаланып, жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерден 4 мың теңгеден бастап 50 мың теңгеге дейін ақша талап етіп отырған. Қаржыны қолма-қол алмай туыстарына электронды аударым жасатқан. Полиция мойоры 2019 жылдан бастап қалалық Полиция департаментінде қызмет атқарды. Сот үкімінде қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінде жазасын өтеу қарастырылды. Өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетіліп, шенінен айрылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енбеді.

Ғани Байарыстан, қалалық әл-Фараби аудандық сотының судьясы:

– Бұл кісінің өзі лауазымды тұлға бола тұр әрі заңсыздықтардың жолын кесу өзінің тікелей міндеті бола тұра, бірнеше рет осы қала аумағында пара алу дерегі бойынша айыпталған. Осыларды жан-жақты зерттей отырып, қылмыстың ауырлығын және жасаған қылмыстың мән-жайына тоқтала отырып,  сот 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын шешті.