Павлодарда екі адамды көлік қағып кетті

Жол-көлік оқиғасы Солүстік өндірістік аймақ көшесі, 85 мекенжайында орын алған, деп хабарлайды «Хабар 24» Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«4 желтоқсан күні сағат 17.00-де «Ауди 100» автомашинасының 45 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 1983 және 1982 жылдары туған жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Олар реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойымен көлік жүретін бөлікті кесіп өткен», – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде. 

ЖКО салдарынан жаяу жүргіншілер түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері автокөлік арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккендерді жедел жәрдеммен №1 қалалық ауруханаға жеткізгенін хабарлады.