Қостанайда үш қабатты ғимарат өртенді

Оның ішінде кафе мен қонақ үй орналасқан.

Мансард қабатының ағаш конструкциялары, қонақ үй бөлмелеріндегі жиһаздар қызыл жалынға оранды. Шұғыл әрекет ету, жедел жәрдем және газ қызметінің мамандар оқиға орнында жүр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Қазір өрт болған көше жан-жақтан қоршалған. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.