Павлодар облысында жедел жәрдем жүргізушісі мас күйінде ұсталды

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жолданды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш факт  5 желтоқсан күні сағат 00.15 шамасында орын алған.

- Тереңкөл ауданының полиция қызметкерлері жанармай құю станциясының бірінде жедел жәрдем көлігін ұстады. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші өзін  біртүрлі ұстады, сондықтан инспектор жүргізушінің сау екеніне күмән келтірді. Куәландыру оның   мас күйінде екенін растады, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.

Сонымен қатар, аудандық аурухананың аға механигіне қатысты ҚР ӘҚБК 619-бабы бойынша 40 АЕК айыппұл салынып, әкімшілік материал толтырылды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 5 желтоқсанынан бастап «Құқықтық тәртіп» жеделалдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Тек бірінші күннің өзінде 650-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Спирттік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 100-ге жуық азамат жауапкершілікке тартылды, олардың 14-і автокөлікті мас күйінде басқарған.

Белгіленбеген орындарда жолдан өткен 77 жаяу жүргінші жазаланды, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 44 жүргізуші де жауапкершілікке тартылды.

Павлодар облысының полиция департаменті облыстың барлық азаматтарын қырағы болуға және құқық бұзушылық болған жағдайда «102» жедел арнасына дереу хабарлауға немесе «Police102» мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады.