Қарағандыда ірі жол апаты болды: зардап шеккендер бар

Қарағандыда үш жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысты. Салдарынан бес адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24» Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты Майқұдық пен Сортировка арасындағы тасжолда болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan жүргізушісі ролді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Nissan маркалы көлігі Toyotа-мен, одан кейін КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жол апатынан қашуға тырысып, қарсы жолаққа шығып, Reno-мен соқтығысқан.

«Соқтығысқан көліктер арыққа құлап кеткен. Жүргізушілер ауруханаға түсті. Көліктерге механикалық зақым келген.​ Бұл дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Дәрігерлер оқиға орнынан бес адам ауруханаға түскенін хабарлады. Олардың денелері көгеріп, жабық ми жарақаттарын алған.