Ақтөбеде жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті 

Ақтөбеде жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24» Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ғымдағы жылдың 6 желтоқсанында Ақтөбе қаласында ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі М.Мәметова көшесінде 24 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апатынан кейін аталған көліктің жүргізушісі қашып кеткен.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 32 жастағы жүргізушіні ұстады. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші көлікті жеңіл дәрежедегі мас күйінде басқарған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі 1-бөлігі (КО басқарушыларының мас күйінде ЖҚЕ бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жол-көлік оқиғаларына жол бермей, жолда өте мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.