Ұялы оператордың қаржы директоры 450 млн теңгені ұрлап, букмекерге тігіп жіберген

Алматыда белгілі ұялы байланыс операторының бұрынғы қаржы директоры 450 миллион теңге жымқырған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері осындай айып тағып отыр. Олар арнайы тексеріс кезінде күдікті жалған келісім-шарттар әзірлеп, 258 миллион теңгені қалтасына басқан дейді. Одан бөлек өзіне 192 миллион теңге аванс жазып үлгеріпті. Күдікті осы қаржының барлығын букмекерлік кеңселерге барып жұмсаған көрінеді. Құмар ойындарға құныққан ол - жымқырған ақшаның барлығын ұтыс тігіп ұтылып қалдым деп ақталса керек. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүріп жатыр.