Маңғыстау облысында шаңды дауылдан жол көрінбей қалды

Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтеріліп, Жетібай-Шетпе тас жолы құм аралас желден көрінбей қалды.

Автокөлік жүргізушілері әлеуметтік желіге бұл туралы хабарлап, видеолар салып жатыр.

Полиция департаментінің мәліметінше, өңірдегі барлық трассалар ашық, ешқандай жол апаты тіркелмеген. Шаңды дауыл тек Жетібай-Шетпе тас жолының 96-шақырымында болған. Кеше ауа райының қолайсыздығы туралы тұрғындарға хабарлама жіберілді. Онда желдің жылдамдығы секундына 19-22 метрге жететіні айтылған.