Павлодарда зейнеткер жасөспірімді қағып кетті

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала жарақат алды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 желтоқсан күні сағат 15.00-де  Амангелді-2 - Южная көшелерінің қиылысында ВАЗ-210740 автокөлігінің 73 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 2008 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 

- Жасөспірім реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолдың жүру бөлігін кесіп өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады  баспасөз қызметінде.

Полиция қызметкерлері автокөлік арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.