«Ақтөбе-Богословка» тас жолында болған жол-көлік оқиғасынан бір адам көз жұмды

«Ақтөбе-Богословка» тас жолында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Хабар 24 Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

9 желтоқсан күні сағат 3:45 шамасында ВАЗ 2112 автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі «Ақтөбе-Богословка» тас жолында қарсы бағытқа шығып кетіп, ГАЗель жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 2112 автокөлігінің жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен екі жолаушы Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР ЖҚЕ мүлтіксіз сақтауға шақырады.