Атырау – Доссор трассасында екі адам мерт болды

Атырау – Доссор трассасында жүк көлігі мен «ВАЗ-2115» соқтығысып, екі адам мерт болды, деп хабарлайды Хабар 24 www.azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 11 желтоқсанда шамаман түскі сағат 3:00 шамасында Атырау-Доссор трассасының бойында қала маңындағы Жұлдыз ықшамауданы тұсында адам өмірін қиған жол-көлік апаты болған.

Ресейде тіркелген «ВАЗ-2115» көлігі DAF ауыр жүк көлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан жеңіл көліктің 36 жастағы жүргізушісі мен оның бір жолаушысы қаза тапты.