Маңғыстау теміржолында вагоннан өрт шықты

Абырой болғанда, өрт шыққан жолаушылар пойызы емес, теміржол рельстерін жөндейтін пойыз екен, деп хабарлайды Хабар 24 Лада сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Маңғыстау облысының бесінші жол айрығы ауданында болды. Бұл туралы облыстағы мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Александр Алексеев мәлімдеді.

Мәлім болғандай, теміржол бойында жолда тұрған вагонның ішкі қаптамасының жанғаны туралы хабарлама облыстың Төтенше жағдайлар департаментіне  12 желтоқсанда сағат 18.12-де түскен.

Оқиға орнына Бейнеу ҚТЖ станциясынан бір өрт сөндіру техникасы мен 16 қызметкер жұмылдырылды.

Өрт мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінің күшімен сағат 19:00-де сөндірілді.

Өрттің шығу себептері мен материалдық шығыны анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.