Алматыдан 360 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 360 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 13 желтоқсан күні 8 сағат 3 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 360 шақырым қашықта, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы – 3.6.

Тереңдігі – 5 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.