Ақтөбе облысында қабан атқандар ұсталды

Мамандар көлік ішінен 6 қабанды тапты. Тағы 4 қару мен 113 оқ-дәрі тәркіленді. 2 адам қамалды.

Оның біреуінде табиғат аясында аң аулауға, оның ішінде тек бір қабан атуға рұқсат болған. Осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Айыпталушыларға 5 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы кесілуі мүмкін.