Павлодарда мас адам жұртты дүрліктірді

Паволдарда мас адам «мектепті жарып жіберемін» деп жұртты дүрліктірді. Полицияға «қала мектептерінің біріне қастандық жасалмақ» деген хабар түскен екен.

Бірақ тексере келе ешқандай қауіпті зат табылмаған. 44 жастағы күдікті ұсталды. Бірақ ол бұл әрекетке не итермелегенін, яғни неге қоңырау шалып жұртты дүрліктірмек болғанын түсіндіріп бере алмаған. Енді заң бойынша оған 14,5 миллион теңге айыппұл төлеуі тиіс немесе 5 жыл бас бостандығынан айырылады.