435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтауда өртенген үйден 100 адам эвакуацияланды

  • 99
  • UPD: 19:55, 19.12.2021
Ақтауда өртенген үйден 100 адам эвакуацияланды

Ақтауда ағаш тіректен жасалған тұрғын үй кешенінің мансарды өртеніп жатыр. Жану аумағы 500 шаршы метр. Тұрғын үй кешенінен 100 адам, оның ішінде 20 бала эвакуацияланды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ТЖД бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров мәлімдеді.

17-шағын аудандағы «Флоренция» тұрғын үй кешеніндегі өрт туралы қоңырау сағат 15:08-де түскен. Тұрғын үйден эвакуацияланған адамдар саны 50-ден 100 адамға дейін өсті.  Оларға ТЖД және Апатты медицина орталығының мамандары психологиялық көмек көрсетуде. 

«Адамдармен ТЖД және Апаттар медициналық орталығының (АМО) психологиялық тобы жұмыс істейді», - деп хабарлады ведомство басшысының орынбасары.

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД (80 қызметкер, 17 техника), кезекші тергеу жедел тобы (10 қызметкер, 5 техика) жұмылдырылды. Оларға Ұлттық ұланның №6656 әскери бөлімі (50 сарбаз, 2 техника), Апат медицинасы орталығы (3 қызметкер, 1 техника), «Ақтаутұрғынүй» КМК (1 қызметкер, 1 су таситын техника) көмектесіп жатыр.

«Өрт фактісі бойынша ҚР ҚК 292 - бабының 2-бөлігі (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп атап өтті Бекболат Әбдіқадыров.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдемесі бойынша, тұрғын үй кешені 16 қабаттан және мансардтан тұрады. Онда төрт подъезд бен 304 пәтер бар. Тұрғын үй кешені 2021 жылы пайдалануға берілген.

Үй 16 қабаттан, 17-шатырдан, 304 пәтерден тұрады.

 

Хабар 24 телеарнасы