Елімізде соңғы аптада үш мыңға жуық қылмыс жасалған

Полиция қызметкерлері кісі өліміне қатысты 10 қылмыстың істің бетін ашты, деп хабарлайды Хабар 24. ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз өткен аптада ел аумағында қандай қылмыс тіркелгенін айтты.

Ресми өкілдің айтуынша, бір апта ішінде елде 2636 қылмыс жасалды. Оның 1754-і тәулік ішінде ашылды, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 8 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 45 тонау және 404 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты.

Айта кетейік, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне Мемлекет басшысы ішкі істер органдарының 57 қызметкерін және Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.