Жан-жаққа ұшып кетті: Павлодарда екі көлік соқтығысты

Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеоны әлеуметтік желіге  жүктеген, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz.

Instagram әлеуметтік желісіндегі tipavlo парақшасында екі жеңіл көліктің соқтығысуы түсірілген видео пайда болды.

- Автодромға қарама-қарсы аумақтағы түнгі жол апаты. Камри мен Лексус соқтығысқан. Салдарынан екі көлік жолдың әртүрлі жағына ұшып кетті, - делінген видеода.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 желтоқсан күні сағат 23:36-да полицияға автодром маңындағы Шарбақты көпірінің артында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы қоңырау түскен.

- Оқиға орнына келген полицейлер Toyota Camry көлігінің 30 жастағы жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, қарсы жолға шығып кетіп, Lexus автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі жолаушы ауруханаға жеткізілді, - делінген полиция хабарламасында.