Жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 29 жастағы әйел мен 5 жасар қызды «Toyota Land Cruiser қағып кетті, деп хабарлайды Хабар 24.
Салдарынан екеуі де көз жұмды. Қайғылы оқиға түн ортасында Ақтау қаласындағы 6 және 19 шағын аудандардың арасындағы жолда болған. Әйел адам сол жерде жан тапсырса, 5 жасар қыз облыстық балалар ауруханасында қайтыс болған.
Әйгерім Ибатуллаева, ПД ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі бастығының міндетін атқарушы:
– Аталған дерек ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлігі бойынша тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚР ҚІЖК 128 бабына сәйкес жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.