БҚО-да кісі өлтірді деген айыппен сотталғандардың бірі ақталып шықты

Оралда адам өлтіріп сотталған күзет агенттігі қызметкерлерінің бірі рақымшылыққа ілігіп, бостандыққа шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

Бірақ сот оның серіктеріне кесілген үкімді өзгеріссіз қалдырды. Қанды оқиға былтыр болған еді. Жаңажылдық кештен шыққан Қуаныш Ахметовты күзетшілер аяусыз соққыға жыққан. Кейін ол күзетшілерден қашып, темір қоршаудан секіріп өтпек болады. Соңынан қуған үш күзетші төменге тартып түсіруге әрекеттенген кезде Қуаныштың қолын қаңылтыр қоршаудың қыры кесіп кетіп, әбден қансырайды. Бірақ күзетшілер сонда да ұрып-соғуын тоқтатпайды. Кейін есінен танған жәбірленуші сол жерде жан тапсырған. Сот кісі өлтіргені және уәкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тауып, Адиловты 17, ал Кафизовты 18 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушылардың қылмысты мас күйінде жасағаны да жазаны ауырлата түскен. Марқұмның туыстары оларды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрап, аппеляциялық шағым түсірген еді.

Нұргүл Қанатбаева, БҚО сотының баспасөз қызметінің өкілі:

– БҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен Адилов пен Кафизовқа қатысты өзгеріссіз қалдырылды. Қонысқалиға қатысты сот үкімі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы 7 желтоқсан 2021 жылғы ҚР заңының 2 бабының 1 тармағына сәйкес негізгі жазадан босатумен өзгертілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.