Желіде Алматы метросынан шыққан түтіннің видеосы пайда болды

Алматы тұрғындары қаладағы «Алатау» метростансасындағы түтіннің видеосын әлеуметтік желіге жүктеген.

Kris.p.almaty парақшасында «метрода бірнәрсе жанып жатыр» деген жазбасы бар видео пайда болды. Видеода метро тоқтап, жолаушылар оның себебін білмей жатқаны көрінеді.

Ал қалалық метрополитеннің баспасөз қызметі пневматикалық тежеу іске қосылғанын хабарлады. 

«Пневматикалық тежеу жүйесі іске қосылған кезде тежегіш қатты қызып кетті. Қазір нақты себеп анықталып жатыр, ол электродепоға жіберілді», – деп түсіндірді метро қызметкерлері.

Кесте бойынша өзгеріс жоқ, Алматы метросы қазір штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)