Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

1994 жылы туған жаяу жүргінші жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткен, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 21 желтоқсан күні сағат 11.20-да Н.Назарбаев даңғылындағы 44-ші үйге қарама-қарсы бағытта орын алған.

- «Мерседес Benz» автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай,  жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өтті. ЖКО салдарынан қала тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, - деді баспасөз қызметінде.

Полиция қызметкерлері автокөлік арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде.