ШҚО-да демалыс базасы өртенді

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында демалыс базасының аумағынан өрт шықты.

Онда шаңғыны жалға беретін жеке тұрған ғимарат жанған. Жалынды сөндіруге төтенше жағдайлар қызметінің 16 маманы мен 4 бірлік техника жұмылдырылды. Осылайша 140 шаршы метр  аумақты шарпыған тілсіз жаудың әрі қарай таралуына жол берілмеді.

Құтқарушылардың айтуынша, егер өрт өршіген жағдайда ол іргелес тұрған өзге де нысандарға тиер еді дейді құтқарушылар. Қазір оқиға себебі анықталуда. Әзірге өрт электр құрылғысын монтаждауда қауіпсіздікті сақтамау салдарынан шығуы мүмкін деген болжам бар.